UFC-де алғаш рет бір турнирде бірден екі қазақстандық өнер көрсетеді
UFC-де алғаш рет бір турнирде бірден екі қазақстандық өнер көрсетеді
689
оқылды
UFC әлемдік жетекші промоушені қазақстандық спортшы Сергей Морозовтың жекпе-жегін ресми түрде жариялады. Оның келесі қарсыласы - қазақстандық Жалғас Жұмағұловты жеңген бразилиялық Раулиан Пэйва, деп хабарлайды Sports.kz. Қазақстандықтардың жекпе-жегі UFC Vegas 57 турнирі аясында 26 маусымға жоспарланған. Сергей Морозов бразилиялық Раулиан Пэйвамен күш сынайды. Ол бұған дейін тағы бір Қазақстан өкілі Жалғас Жұмағұловты жеңген болатын. Сондай-ақ, осы кеште қазақстандықтар Шавкат Рахмонов (15-0) пен Нил Мэгнидің (26-8) аралас жекпе-жек айқасын тамашалай алады.