Қасым-Жомарт Тоқаевқа сот жүйесінің қазіргі даму барысы туралы баяндалды, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Президентке мемлекеттік басқару жүйесіндегі әкімшілік юстиция туралы айтылды. Жақып Асановтың айтуынша, былтырғы 1 шілдеге дейін азаматтар мен кәсіпкерлер қаралған істердің 85 пайызы бойынша мемлекеттік органдардан жеңілетін. Қазір істердің 55 пайызы кәсіпкерлер мен азаматтардың пайдасына шешіледі.
Сонымен қатар кездесуде сот кадрларының сапасын жақсарту, азаматтардың сотта қорғалуын күшейту, сот ісін жүргізуді оңтайландыру және басқа да міндеттер туралы айтылды.