Қазақстан академиялық ескек есуден жазғы Азия ойындарында алғашқы алтын жүлдеге қол жеткізді.
Тарихи триумф: Қазақстан академиялық ескек есуден алғаш рет алтын жүлде алды
Фото: gov.kz
341
оқылды

Жапонияның Аичи префектурасындағы Нагарагава халықаралық регата трассасында академиялық ескек есуден Қазақстан командасының қоржынына тарихи медаль түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерлер арасындағы жұптық екілік сайыста Владислав Яковлев пен Иван Чернухин жұбы чемпион атанды. Айта кетейік, бұл – спорттың осы түрінен жалпы Азия ойындары тарихындағы Қазақстанның алғашқы алтыны.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.