"АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында 4 адам көз жұмды
"АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында  4 адам көз жұмды
© metalmininginfo.kz
"АрселорМиттал Теміртау" цехында 4 адам қаза тауып, 1 адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Facebook парақшасында жазды. 
"Бүгін "АрселорМиттал Теміртауда" отқа төзімді материалдармен жұмыс істейтін мамандар қазаға ұшырады. Қайғылы оқиға жұмыс істейтін жылу пешіндегі отқа төзімді материалды бөлшектеу кезінде болды. 4 адам қайтыс болып, біреуі ауруханаға түсті. Оқиға орнында ТЖД, өнеркәсіптік қауіпсіздік мамандары, сондай-ақ комбинат басшылығы және басқа да жауапты тұлғалар жұмыс істеуде. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтамын",  – деп жазды ол.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы бесінші жұмысшының жағдайын хабарлады.
«1994 жылы туған науқас ауруханаға жеткізілді. Есін біледі, гемодинамика тұрақты, денесінің басым бөлігінде терең жарақаты бар. Қазір диагностика жасалып жатыр. Политравма бөлімінің меңгерушісі, нейрохирург, хирург, реаниматологтер тексеру жүргізу үстінде. Науқас жедел желі бойынша қарқынды терапия палатасына жатқызылды», – деп хабарлады ведомство.