Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Президент Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеу Ұлытау өңірінің барлық деңгейдегі мәслихаттарының отырысына қатысу үшін жұмыс сапарымен Жезқазған қаласына барды. Бұл туралы БОРТ№1 Телеграм-арнасы жазды.
Мұрат Нұртілеу депутаттардың қарауына Президенттің Ұлытау облысының әкімі лауазымына Әбдіғалиұлы Берік пен Шайдаров Серік Жаманқұлұлының кандидатураларын ұсыну туралы хатын оқып берген. Ашық дауыс беру нәтижесінде 64 депутаттың 51-і Берік Әбдіғалиұлын қолдады, 13 депутат Серік Шайдаровқа дауыс берген.