Алматы облысының әкімі тағайындалды
Алматы облысының әкімі тағайындалды
1,508
оқылды
Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Құжат мәтіні мынадай:
"М.Е. Сұлтанғазиевты тағайындау туралы 2022 жылғы 11 маусым Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 11 маусым № 916", - деп жазды Ақорда.
Айта кетейік, Марат Сұлтанғазиев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған. Мамандығы — экономист-қаржыгер, заңгер, іскерлік әкімшілендіру магистрі. Еңбек жолын 1997 жылы Салық бөлімінің заңды тұлғаларды тексеру бөлімінің бірінші санатты маманы болып бастаған. 1998-2001 жылдары Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы, аға салық инспекторы, жетекші салық инспекторы, бас маман – бас салық инспекторының м. а. болып жұмыс істеген. 2001-2010 жылдары Алматы қаласы бойынша Салық комитетінде жұмысын жалғастырған, Алматы қаласы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеген. 2010-2012 жылдары ҚР Қаржы министрлігінде басшылық қызметтерді атқарған. 2012-2014 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі. 2014-2017 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы. 2017 жылғы маусымнан 2018 жылғы қазанға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды. 2018 жылғы қазаннан бастап ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді. 2021 жылдан бері ҚР Қаржы вице-министрі лауазымын атқарды.