Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Мәжіліс Спикері Президентке конституциялық реформаларды одан әрі нақты жүзеге асыруға қатысты алдағы заң шығару жұмыстары жөнінде баяндады.
Аталған жиын барысында ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясы халықаралық бақылаушылар миссиясы жұмысының қорытындысы жарияланды және елімізде өткен референдум ұлттық заңнамаға толық сай келеді деп танылды.
Сонымен қатар Парламенттік ассамблея халықаралық және аймақтық деңгейде қауіпсіздік мәселесін шешу үшін БҰҰ аясында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бітімгерлік әлеуетінің даму барысын талқылады.