Даниал Ахметов тағы бір жыл отыратын болды
Даниал Ахметов тағы бір жыл отыратын болды
406
оқылды
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің өкілеттігі тағы бір жылға ұзарды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінің жетекшісі Руслан Желдібай хабарлады.
«Бүгін Президенттің Жарлығына сәйкес Даниал Кенжетайұлы Ахметовтің мол тәжірибесі ескеріліп, оның қызметтік өкілеттігі бір жылға ұзартылды», - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасына.