Шымкентте адамдарға балта ала жүгірген ер адам ұсталды
Шымкентте адамдарға балта ала жүгірген ер адам ұсталды
976
оқылды
  1. Шымкентте біреуге балта сілтеп, өлтіремін деп қорқытқан жергілікті тұрғын ұсталды.
Оқиға Шымкент қаласының «Шығыс» шағынауданында болған. Патрульдік қызмет кезінде әскери жасақ екі адамның жанжалдасып жатқанын байқайды. Жандарына жақындаған кезде біреуі екіншісіне балтамен ұмтылған.
«Біз патрульдік бағытты айналып өтіп, екі тұрғынның қоғамдық тыныштықты бұзып жатқанын байқадық. Жанжал күшейіп, қақтығыс қайғылы оқиғаға ұласып кете жаздады. Араласуға тура келді», - дейді патрульдік топтың бастығы, аға лейтенант Оразхан Орынбасар.
Тәртіп бұзушылар Еңбекші аудандық полиция бөліміне жеткізілген.