Мемлекеттік бюджетке 490 миллион теңге зиян келтірген қылмыстық топ сотталды
Мемлекеттік бюджетке 490 миллион теңге зиян келтірген қылмыстық топ сотталды
Қаржылық мониторинг агенттігінің астаналық департаменті 2020-2021 жылдар аралығында көлеңкелі экономика саласында ауыр қылмыс жасаған бір топ адамды әшкереледі. Азамат Виталий Хан басқарған қылмыстық топ өз клиенттерін бюджетке салық төлеуден босату мақсатында бақылаудағы 7 заңды тұлғаның контрагенттеріне жалған шот-фактура жазып берген. Осылайша, мемлекетке 490 млн теңгеден астам сомаға аса ірі көлемде залал келтірген. Сот басты айыпталушы Виталий Ханды  4 жылға бас бостандығынан айыруға, ал заңсыз ақша жинаумен айналысқан екі қылмыскерді шартты түрде бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Үш айыпталушыға да ұзақ мерзімге коммерциялық ұйымда басшылық қызмет, оның ішінде шот-фактура беруге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды. Төленбеген салық камералдық бақылау және салықтық тексеру аясында бүкіл контрагенттерден өндіріп алынады.