ПСЖ командасы франциялық жаттықтырушы Зинедин Зиданмен келісімге келе алмай жатыр.
Осы аптада Зидан ПСЖ ұсынған келісімшарттан бас тартқан. Бірақ париждік команданың катарлық қожайындары оны бас бапкер етіп тағайындауға ниетті.
Ал ПСЖ командасының кеңесшісі Луиш Кампуш клубтың бас бапкері ретінде «Ниццаны» жаттықтырып жүрген Кристоф Гальтьені көргісі келетінін айтты.
Осыған дейін бірнеше беделді дереккөз Зиданның ПСЖ бас бапкері атанып, әлемдегі ең көп жалақы алатын маман болады деген ақпарат таратқан болатын.
Айта кетейік, 49 жастағы Зидан 2016-2018 және 2019-2021 жылдар аралығында «Реал» командасын жаттықтырды. Оның бастамасымен мадридтік клуб үш рет Чемпиондар лигасын жеңді. Сонымен қатар екі рет Испания чемпионы атанды.
2021 жылдың жазынан бастап Зидан жұмыссыз.