Бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов жаңа қызметке тағайындалды
Бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов жаңа қызметке тағайындалды
© tengrinews.kz
5,014
оқылды
С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры болып бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов тағайындалды. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.
"Қазақстанның Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті КЕАҚ басқармасына жаңа ректор тағайындалды. ҚазҰМУ-ды бұдан былай Марат Едігеұлы Шоранов басқарады. Бұйрық 2022 жылғы 13 маусымда жарияланды", – делінген хабарламада.
Марат Шоранов 1975 жылы Алматыда дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Б.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығын, Эмори университетін бітірген.
2013-2017 жылдары Денсаулық сақтау министрлігінде, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 2017-2019 жылдары – Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы, басшысы; 2019 жылы – Нұр-Сұлтан қаласының  Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы; 2020 жылғы маусымнан бастап осы уақытқа дейін Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметін атқарды.