Футболдан UEFA Ұлттар лигасында Қазақстан ұлттық құрамасы елордадағы «Астана Арена» стадионында Словакия командасын қабылдады.
Топтық раундтың төртінші турындағы кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Кездесудің 18-минутында Ян Вороговский есеп ашса, 39-минутта Елхан Астанов есеп айырмасын екі голға жеткізді.
51-минутта Матус Беро есеп айырмасын қысқартты, ал матч соңында словактар екінші голды соқты, бірақ шабуылда ереже бұзылғаны үшін гол жойылды.
87-минутта Ондрей Дуда (Словакия) бір минут ішінде екі рет ереже бұзып, қызыл қағаз алды.
Осылайша, қарсыласын 2:1 есебімен тізе бүктірген Қазақстан құрамасы ұпай санын 10-ға жеткізді.
Қазақстан құрамасы қалған ойындарын қыркүйек айында өткізеді. 22 қыркүйекте Беларусьті қабылдаса, үш күннен кейін сырт алаңда Әзербайжанмен кездеседі.