Павлодарда бірнеше көше атауы өзгермек
Павлодарда бірнеше көше атауы өзгермек
539
оқылды
Павлодар облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мәлімдеуінше, 2021 жылдың 3 сәуірінде Павлодар қаласының кейбір көшелерін қайта атау мәселесі бойынша Павлодар қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясымен көпшілік тыңдау өткізілді. Көпшілік тыңдауға ұсынылған  30 көшенің 23-і талқылау кезінде жергілікті тұрғындар тарапынан оң қорытындыға ие болған болатын, деп хабарлайды@Pavlodarnews.kz.
Көпшілік тыңдауға ұсынылған 30 көшенің 23-і талқылау кезінде жергілікті тұрғындар тарапынан оң қорытындыға ие болды.  2021 жылдың 23 сәуірінде ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының отырысында қаралған 23 көшенің 17-не оң қорытынды берілді. Жергілікті тұрғындарға насихаттау жұмыстарын жүргізу қажеттілігіне байланысты бес көше өтпеді. Олар Ермаков көшесі, Теплов көшесі, Циолковский көшесі, Набережная көшесі, Р. Люксембург көшесі, Молодежная көшесі, - делінген хабарламада.
2021 жылдың мамыр айынан қайта атау жұмыстарына жарияланған мораторийге сәйкес ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясында қолдау тапқан көшелерді қайта атау жұмыстары тоқтатылған болатын. Бүгінгі күні ономастика саласындағы заңнамалық актілерге сәйкес көше атауларын өзгерту бойынша басталған жұмыс қайта жандандырылды. Сонымен жаңа атау алатын көшелердің тізімі мынандай: Мир көшесі – Олжабай батыр, Урицкий көшесі – Генерал Смағұлов, 1-я Южная көшесі – Бірлік, 2-я Южная көшесі – Кәукен Кенжетаев, Парковая көшесі – Мұқағали Мақатаев, Донецкая көшесі – Мағжан Жұмабаев, Кубанская көшесі – Қалмұқан Исабай, Совхозная көшесі – Рафиқа Нұртазина, Таганрогская көшесі – Қазанғап би, Ангарская көшесі – Нағымбек Нұрмұхаммедов, Читинская көшесі – Аманжол Шәмкенов, Декабристов көшесі – Қамар Қасымов, Юннатов көшесі – Дихан Әбілев, 1 және 2 Советов көшесі – Генерал Бәкіров, Зыряновская көшесі – Қабдыкәрім Ыдырысов, Саянская көшесі – Алма Әжібаева, Лесная көшесі – ағайынды Дүйсембиновтер көшесі болып өзгермек.