Ақтөбеде қаңғыбас иттерді аулауға 41 миллион теңге бөлініпті
Ақтөбеде қаңғыбас иттерді аулауға 41 миллион теңге бөлініпті
©tengrinews.kz
600
оқылды
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин қаңғыбас иттерге қатысты бірқатар оқиғаларға тоқталып, жазатайым оқиғаларға өзін кінәлаған. Айтуынша, жануарларды қорғау туралы заң күшіне енгелі жұмыстың жаңа қағидаттарына бейімделіп үлгермеген екен. "Бұл - біздің кемшілігіміз. Өткен жылы 17,5 мың қаңғыбас иттерді жойып, мәселені белгілі бір дәрежеде тұрақтандырған едік. Соңғы қабылданған Заңға байланысты (жануарларды қорғау туралы заңның) бұл жұмыс тоқтатылды. Сол себепті өз кінәмді жоққа шығармаймын. Біз осы заң бойынша жұмыстың жаңа қағидаттарына - аулау, зарарсыздандыру және чиптеуге көшкен жоқпыз", - деді әкім. Сондай-ақ, аймақ басшысы құтырған иттерді ұстауға 41 миллион теңге бөлінгенін, қажет болған жағдайда қосымша қаржылық инвестицияны қарастыратын айтты. "Қаңғыбас иттерді аулауға 41 миллион теңге бөлінді. Қажет болған жағдайда қосымша қаржы қарастыруға дайынбыз. Қаңғыбас иттерді бағу, емдеу мәселесі тағы бар. Оған да тиісті қаражат бөлу керек. Иттерді күтетін 2 орын бар. Олар "Ника" және ветеринариялық станция маңында орналасқан орындар. Осындай жерлердің санын арттыру көзделіп отыр", - деді олыс әкімі. Оңдасын Оразалинның мәліметінше, келесі жылдан бастап иттерге чип тағып, есепке алынады. Былтыр Ақтөбеде тиісті орган 17 500-ден астам иттің көзін жойған.