Шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді
Шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді
©www.inform.kz
409
оқылды
Шілдеде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтты. «Шілде айында Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Онда еліміздің бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылаймыз. Сондай-ақ инфляция мен инвестиция мәселелері көтеріледі. Барлық министрлер мен әкімдер осы отырысқа дайындалуы керек. Алты айдың қорытындысын біз жаңа үш облысты қоса отырып, жиырма өңір бойынша толықтырып жасаймыз», – деді Әлихан Смайылов бүгін Үкімет отырысында.