Соңғы бес жылда елімізде медицина мамандарының тапшылығы екі есеге артып отыр. Бүгінде бос орындар саны 23,1 мыңға жеткен. Бұл туралы Есеп комитеті отырысы кезінде хабарланды.
«Біріншісі – медицина кадрлары тапшылығының артуы. Кейінгі бес жылда, 2017 жылдан бастап 2021 жылға дейін тапшылық екі есе – 10 мыңнан 23 мыңға дейін артты. Бүгінде осы мәселені шешу лауазымдарды біріктіру арқылы жүзеге асырылып отыр. Қазір толық емес жұмыс уақытының жалпы коэффициенті 1,5-тен 2-ге дейін өзгерді. Мұның бәрі медицина мамандарына үлкен жүктеме әкеледі», – деді Есеп комитеті Экономиканың нақты секторына аудит жүргізу департаменті директорының орынбасары Нұрлан Катренов.
Оның айтуынша, аудит қорытындысы бойынша бірқатар жүйелі проблема мен кемшілік анықталған. Сондай-ақ дәрігерлердің үстінен түсетін шағым саны артқан. Спикер бұл жағдайды жоғары жүктемеге байланысты екенімен түсіндірді.
«Сондай-ақ медициналық білімі бар мамандардың шетелге кетуі жиілегені байқалады. Кейінгі бес жылда олардың саны 5 мыңға жетті. Сондай-ақ медициналық білімі бар мамандар қартайып жатыр. Бүгінде зейнетке дейінгі жастағы дәрігерлер шамамен 30 пайызға жетті», – деді Нұрлан Катренов.