Қажылыққа баратындар екпе алуы тиіс
Қажылыққа баратындар екпе алуы тиіс
375
оқылды
Қажылыққа ниеттенген азаматтар сапар алдында менингококк инфекциясына қарсы екпе алғаны жөн. Өйткені қажылықтан оралғандардың аталған індетті елге әкелу қаупі бар. «2018 жылы елде менингококк инфекциясы тіркелді. Онда ресми статистика бойынша 96 адам індет жұқтырды, оның 45-і – 18 жасқа дейінгі балалар. Яғни, қажы тек өзінің денсаулығына емес, сонымен бірге отбасының, достарының, әріптестерінің, туыстарының денсаулығына да қауіп төндіреді. Қажылыққа баратын ер адамдар арасында инфекция жұқтыру 86 пайызға дейін жетеді. 2020 және 2021 жылдары кіші және үлкен қажы­лыққа ниеттенгендер коронавирус пандемиясына байланысты бұл рәсімді орындаудан бас тартуға мәжбүр болған еді. Енді биыл олар міндетті түрде екпе алуы тиіс», – деді Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының директоры Айнагүл Қуатбаева. Оның айтуынша, биыл эпидемиологиялық ахуал қолайлы. Бес айда менингококк инфекциясымен ауырған тек 11 оқиға анық­тал­ды. Биыл вакциналауды еліміз­дің сегіз өңірінде – Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жүргізу жоспарланған.

Алмагүл БЕРДІМҰРАТ