Тұрғын үйдің ауласындағы балалар алаңы тазаланып, газондары ретке келтірілді
Тұрғын үйдің ауласындағы балалар алаңы тазаланып, газондары ретке келтірілді
© inform.kz
445
оқылды
Шымкенттің әл-Фараби аудандық партия филиалына 1 мамырда тұрғындардан Жангелдин көшесіндегі  №28   көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы балалар доп ойнайтын ауланың газондарын ретке келтіруін және тазалап  беруін сұраған өтініш хат  түсті. Өтініш берушінің мәселесімен «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық  әл-Фараби аудандық филиалы толыққанды танысып шықты. Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаевтың ықпалымен «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС мердігер мекеме тарапынан 1 арнайы техника, 5 жұмысшы тартылып, тазалық жұмыстары, балалар ойын алаңшасына  жөндеу жұмыстары жүргізілетін болып шешілді. 2022 жылғы 25 мамырда  Жангелдин көшесі №28  көпқабатты  үйдің балалар ойын элементтері мен орындықтарына  жөндеу, ирригациялық арықтарды  тазалау жұмыстары толық жүргізіліп, тұрғындардың өтініші орындалды. Мәселе оң шешімін тапты.