«AMANAT CUP»: елордада балалар мен жастар арасында алғашқы республикалық шахмат турнирі өтеді
«AMANAT CUP»: елордада балалар мен жастар арасында алғашқы республикалық шахмат турнирі өтеді
592
оқылды
Бұл туралы «AMANAT» партиясы Жастар қанатының өкілдері хабарлады. «AMANAT CUP» шахматтан бірінші республикалық турнирінің қонақтары - халықаралық гроссмейстерлер Жансая Әбдімәлік, Дәрмен Сәдуақасов және Бибісара Асаубаева қатысушылар үшін қолтаңба сессиясын өткізеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы балалар фестивалінде балалар арасында шахматты дамыту туралы айтқан болатын:
«Мен балалар арасында шахматты насихаттауға және дамытуға үлес қосқым келеді. Бізге арнайы құрал-жабдық қажет емес. Бізге ұйымдастыру мен қаржылық ресурстарды тарту керек. Бұл біздің қолымыздан келеді. Ойынға қызығатын балалардың көп екенін байқадым. Шахматпен айналысатын балалар зиянды әдеттерден алыс болады», - деді Мемлекет басшысы.
Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаевтың айтуынша, мұндай турнирдің басталуы дер кезінде және балалар жылына орайластырылған:
«Қазіргі уақытта біздің еліміз ең үздік шахматшылармен танымал – Жансая Әбдімәлік, Дәрмен Сәдуақасов, Динара Сәдуақасова және Бибісара Асаубаева. Сондықтан мұндай турнирдің басталуы жастар мен балалар арасында шахмат спортын насихаттау және дамыту үшін уақытылы болып табылады. Айта кету керек, «AMANAT CUP» шахматтан бірінші турнир балалар жылына орайластырылған», - деп атап өтті ол.
Турнирге 8 жастан 35 жасқа дейінгі 2-ші және одан жоғары разряды бар 200 жас шахматшы қатыса алады. Ол үшін Жастар қанатының Instagram @jas_otan ресми парақшасында тіркеуден өту қажет. Турнир ФИДЕ рейтингісін есептей отырып, швейцарлық жүйе бойынша өткізіледі. Қатысушылардың жеребесі Swiss Manager бағдарламасын қолдану арқылы өткізіледі. Сондай-ақ, турнир жеңімпаздары ақшалай сертификаттармен, медальдармен және кубоктармен марапатталады. Бірінші орын үшін жүлде қоры екі санат бойынша 1 000 000 теңгені құрайды. Турнирдің толық ережелерімен @JasOtanTelegramm каналынан таңыса аласыздар.