Павлодар облысында Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаны және орындалған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін кәсіпкерден пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінен мәлімдеді.
«Павлодар облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Облыс әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы» ММ басшысына қатысты мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасағаны және атқарылған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін кәсіпкерден пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деді ведомстводан.
Күдіктінің кінәсіне қатысты толық шешім тергеу нәтижесі бойынша қабылданады.