Ақтауда рота командирі суға құлап кеткен баланы құтқарып қалды
Ақтауда рота командирі суға құлап кеткен баланы құтқарып қалды
476
оқылды
Ақтауда бала қайыққа отырар кезде суға құлап кетті. Бала пирс пен пароход арасына құлаған, – деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Оқиға 14 маусым күні сағат 21:30 шамасында болған. Баланың анасы барынша айқай салып, жанындағылардан көмек сұраған. Сол сәтте қала тұрғыны Ағабек Мақұлбек дереу суға түсіп, баланы құтқарып қалды.
"Кезегімізді күтіп, пароходқа мінуге жақындағанда бір әйелдің жан дауысы шықты. "Кім жүзе алады, құтқарыңдар" деп айқайлап жатыр екен. Сол сәтте ойланбастан суға түстім. Теңіз қатты терең емес шығар деп ойладым. Алайда бойым суға толықтай батты. Оған қарамастан баланы қолыма алып, ауа жұтып алсын деп судың бетінде біраз тұрдым. Себебі құтқару кеудешесі мен шеңберін лақтырғанша, бала шошып қалмасын деген ой болды", – дейді қала тұрғыны Ағабек.
https://www.youtube.com/watch?v=01itPr7Bmrs Ағабек Мақұлбек қазіргі таңда Әскери теңіз күштері 29011 әскери бөлімі, Теңіз жаяу әскері Десаттық шабуылдаушы батальоны, Теңіз жаяу әскери ротасының командирі болып қызмет атқарады.