Атырауда жалын шарпыған пәтерден 6 адам құтқарылды
Атырауда жалын шарпыған пәтерден 6 адам құтқарылды
Сурет: Instagram/atyrau_tjd
347
оқылды
Атырау қаласындағы өрт кезінде өрт сөндірушілер алты адамды құтқарып қалды. Өрт туралы ақпарат 15 маусымда сағат 14:14-те байланыс пунктіне келіп түсті. Бес қабатты үйдің терезелерінен түтін шыққаннын көрген куәгерлер өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалған. Құтқарушылар Владимирская көшесі, 99 мекенжайына шықты. Шақырту орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер үйдің дәліз баспалдағы арқылы алты адамды, оның ішінде төрт баланы эвакуациялады. Анықталғандай, өрт тұрғын үй бөлмелерінің бірінде шыққан. Өрт сағат 14:33-те ауыздықталып, сағат 14:45-те толықтай сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің нақты себептері анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.