Қазақстандық боксшылар Қытайдың Гуйян қаласында өткен әлем кубогының екінші кезеңіндегі жарысты аяқтады.
Қазақстан құрамасы бес алтын медаль жеңіп алды: Айбек Оралбай (90 келіден жоғары салмақ), Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Назым Қызайбай (54 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін) және Абылайхан Жүсіпов (70 келіге дейін).
Ал Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Валерия Аксенова (80 келіге дейін) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) жарысты қола медальмен аяқтады.
