ШҚО-да түрмеге жаңғақ ішіне есірткі жасырып өткізбек болған
ШҚО-да түрмеге жаңғақ ішіне есірткі жасырып өткізбек болған
Фото: zakon.kz
252
оқылды
ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ОВ 156/20 колониясының қызметкерлері мекеме аумағына тыйым салынған заттардың жеткізілуінің алдын алды, —деп хабарлады Zakon.kz. Алматылық азамат  екі келі грек жаңғағының ішіне есірткі жасырып, темір тордың ар жағына өткізбек болған. Тексеру кезінде 4 жаңғақтан иісі бар жасыл түсті белгісіз заттар табылған. Ал тағы бірі кір жуғыш ұнтақ ішіне екі телефонды жасырып өткізбек болған. Сондай-ақ ол 1,9 литр болатын шырын қаптамасына басқа сұйықтық құйып, ішке кіргізуді жоспарлаған. Барлық тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.
«Түрме қызметкерлері сотталғандарға келген барлық сәлемдемелерді жіті тексереді. Алайда құқық бұзушылар бұл туралы біле тұра, қызметкерлер байқамай қалады деп үміттеніп, мұндай әрекеттерді жалғастыра береді», – дейді ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ресми өкілі, әділет капитаны Салтанат Ожиканова.
Қазір құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында материалдар жиналды.