BBC-дің мәлімдеуінше, осы аптада криптовалюта бағамдары төмендеп, салдарынан ірі биткоин иелері бірнеше млрд долларын жоғалтты. Криптовалютаның құлдырауы әлемдегі барлық инвесторларға өз әсерін тигізді. Осы ретте сарапшылар Сальвадор Республикасы үкіметін ерекше атап өтті. Былтыр қыркүйекте Сальвадор билігі биткоинді елдегі ресми төлем құралы деп жариялап, оны күнделікті транзакциялар үшін пайдалануға шақырды. Ол жақта биткоинмен барлығын сатып алуға болады – көшедегі фаст-фудтан бастап жылжымайтын мүлікке дейін. Сальвадор президенті Наиб Букеленің криптовалютаны заңдастыру туралы шешімі енді барлық бизнесте аталмыш валюта түрін Сальвадордың негізгі валютасы – АҚШ долларымен бір деңгейде қабылдауы керек дегенді білдіреді.