Криптовалютамен айналысу ұсынылды
Криптовалютамен  айналысу ұсынылды
192
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев криптовалюта нарығының болашағы туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, криптовалюталар – объективті фактор және оларға немқұрайды қарауға болмайды. «Олардың қолданыстағы қаржы жүйесіне әсер ететін тәуекел-қатерлері мен әлеуетін нақты бағалау қажет. Сон­дықтан елімізде криптобиржаларды құру үшін теңдестірілген реттеу шарттарын қалыптас­тыру жұмыстарын жандандыру керек. Басқаша айтқанда, криптовалюталарды шығару бойынша әлемдегі екінші ел бола тұра қаржы қайтарымын көрмей отырмыз», – деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ ол цифрлық валюталарды айналымға енгізу туралы ойын білдірді. Айтуынша, болашақ қаржы жүйесінің негізгі элементі бола алатын цифрлық теңгені қолданысқа енгізу мүмкіндігін қарастырған жөн.

Ерік ЕЛЕУСІЗ