2022 жылғы 17 маусымда елордада "Дені сау ұлт" ұлттық жобасы аясында «ДЕНІ САУ ҰЛТ» ұлттық медициналық саммитін өткізу жоспарланып отыр. Медицина қызметкерлері күнін мерекелеу қарсаңында және Президенттің «Жаңа Қазақстан» идеясының шеңберінде іске асырылатын іс-шараның ұйымдастырушылары – Денсаулық сақтау министрлігі және ALTYN SHIPAGER ұлттық медициналық сыйлығының ұйымдастыру комитеті. Саммитке Президент Әкімшілігі, Үкімет мүшелері, елдің медицина жұртшылығының өкілдері, бизнесмендер, денсаулық сақтау саласындағы отандық және шетелдік сарапшылар қатысады. Медициналық саммит барысында дәрілік заттар, медициналық жабдықтар, медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірушілерінің, импортерлердің және дистрибьюторлардың, фармацевтикалық компаниялардың, медициналық мекемелердің, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, медицина саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің, ғылыми институттардың, зертханалардың және тағы басқалардың қатысуымен республикалық ауқымды көрме өтеді. Сонымен қатар отандық және шетелдік спикерлердің, медицина саласындағы, менеджмент және денсаулық сақтау жүйесін стратегиялық дамыту саласындағы сарапшылардың қатысуымен TEDx форматында Health&Talks диалог алаңының отырысы болады. Одан басқа жыл сайынғы ALTYN SHIPAGER ұлттық медициналық сыйлық табыс етіледі және ҚР медицинасының дамуына зор үлес қосқан медицина қызметкерлері мен медициналық ұйымдар атап өтіледі. Саммиттің миссиясы мен мақсаты – адамның өмір сүру ұзақтығын ұлғайту және медициналық қызметтердің сапасын жақсарту, медицина жұртшылығының жеке және мемлекеттік секторларының өкілдері үшін коммуникациялық алаң құру, медицина саласының қызметкерлеріне қолдау көрсету және ынталандыру, отандық медицина мен медициналық туризм саласына инвестициялардың өсуін ынталандыру мақсатында жалпы мемлекеттік идеяға қол жеткізуге үлес қосу. Өткізілетін күні және уақыты: 17 маусым 2022 жыл, сағат 15.00 Байланыс нөмірлері: - іс-шараның ұйымдастырылуы бойынша: +7 (707) 777-59-16 Сабина, Altynshipager@mail.ru - БАҚ-ты аккредиттеуге: +77772563111, +77473616492 - e-mail: a.artakshinova@dsm.gov.kz