Тағы бір директор пара алды деген күдікке ілінді
Тағы бір директор пара алды деген күдікке ілінді
10,719
оқылды
Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен Бас көлік прокуратурасы «Қазтеміртранс» АҚ Қостанай филиалының директорын әшкереледі. Ол облыс кәсіпкерлерінен жүк вагондарын кедергісіз және жедел жібергені үшін жүйелі негізде пара алған. Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі мәлімдеді. Күдіктіге қатысты сот «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады. Күдіктіге қатысты оның кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, қорытынды шешімді сот қабылдайды. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Айта кету керек, биыл 19 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан кәсіпкерлерімен кездесу өткізді. Осы кездесуде Мемлекет басшысы бизнестің жұмысына заңсыз кедергі жасау мемлекет мүддесіне қарсы бағытталған қылмыс ретінде қаралуға тиіс екенін атап өтіп, басым міндеттердің бірі – бизнеске қысым көрсету факторларын анықтаудың неғұрлым тиімді жүйесін құру екенін айтты.