Елордада әйелдің 8-қабаттан құлаған сәті видеоға түсіп қалды
Елордада әйелдің 8-қабаттан құлаған сәті видеоға түсіп қалды
2,186
оқылды
Нұр-Сұлтанда 50 жастағы әйел 8-қабаттан құлап кетті. Куәгерлердің бірі оқиғаны видеоға түсіріп алған. Елордалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 102 арнасына Достық көшесінің бойындағы 8-қабаттың балконынан әйелдің құлап кеткені туралы қоңырау келіп түскен. Ол алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмған. https://www.youtube.com/watch?time_continue=1&v=KyJ-RwHzQo0&feature=emb_title
"50 жастағы елорда тұрғынының жеке басы анықталды. Аталған факті бойынша Нұр-Сұлтан ауданының Есіл аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды" – деп хабарлайды полиция баспасөз қызметі.