Нұр-Сұлтанда 50 жастағы әйел 8-қабаттан құлап кетті. Куәгерлердің бірі оқиғаны видеоға түсіріп алған.
Елордалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 102 арнасына Достық көшесінің бойындағы 8-қабаттың балконынан әйелдің құлап кеткені туралы қоңырау келіп түскен. Ол алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмған.
https://www.youtube.com/watch?time_continue=1&v=KyJ-RwHzQo0&feature=emb_title
"50 жастағы елорда тұрғынының жеке басы анықталды. Аталған факті бойынша Нұр-Сұлтан ауданының Есіл аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды" – деп хабарлайды полиция баспасөз қызметі.