Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды
576
оқылды
Синоптиктер 12 облыс аумағында дауылды ескерту жариялады.

20 маусымда Қостанай облысының батысында, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстіктік-шығысқа ауысады, күші облыстың батысында, шығысында 15-20 м/с.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік бөлігінде, орталық бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

20 маусымда Ақмола облысының басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында бұршақ жаууы күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ: 20 маусымда кей уақыттарды найзағай күтіледі.

20 маусым күндіз Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында жел соғады екпіні 15-20 м/с. г. Атырау: 20 мамырда солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

20 маусымда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с күтіледі.

20-22 маусымда күтіледі: Іле, Жетісу Алатауы: 21 маусым күндіз, 22 маусым тәулік бойы кей уақытта қатты жаңбыр. Кей уақытта найзағай. 21-22 маусым кей жерлерде бұршақ, дауыл болады.

20 маусымда таңертең және күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 20 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

20 маусымда Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Кей уақытта найзағай, дауыл. Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с. Шымкент қ: 20 маусымда кей уақытта найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ: 20 маусымда кей уақытта найзағай, дауыл, түнде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

20 маусымда Шығыс Қазақстан облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

20 маусымда Алматы облысының батысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз батыста, шығыста және облыстың таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.