Өзбек-қырғыз шекарасында жердің астымен жүк тасып жүргендер ұсталды
Өзбек-қырғыз шекарасында жердің астымен жүк тасып жүргендер ұсталды
Фото: uzdaily.uz
1,174
оқылды
Өзбек-қырғыз шекарасында заңсыз тауар тасымалдап келгендердің әрекеті әшкере болды. Бұл туралы «Хабар 24» арнасы хабарлады. 8 адамнан құралған қылмыстық топ көп жылдан бері контрабандамен айналысқан. Екеуі – Өзбекстан, алтауы – Қырғызстан азаматы. Олар жерасты жолымен 1 миллион 641 мың долларды заңсыз алып өтпек болған кезде қолға түсті. Тексеру кезінде Әндіжандағы тағы бір үйден ұзындығы 420 метрлік тоннель анықталды. Онда жүк таситын электр тогымен жүретін арба болған. Кінәлілерге қатысты сот қылмыстық іс қозғап, 8 жылға дейін бас бостандығын шектеді. Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің өкілі Мақлиё Валиқулова: «Топ мүшелері құқық қорғау органдарының назарына ілікпес үшін байланыс құралдарын қолданған. Ірі көлемдегі валютаны жерасты тоннелі арқылы Қырғызстанға өткізіп жүрген. Тергеу кезінде олардың әрекеті айғақ заттармен дәлелденді», – деді.