15 жастағы жасөспірім атасын өлтірді деген күдікпен ұсталды
15 жастағы жасөспірім атасын өлтірді деген күдікпен ұсталды
Фото: seyminfo.ru
789
оқылды
Забайкальский өлкесінде 15 жастағы жасөспірім кісі өлтірді деген күдікпен ұсталды, – деп жазады Газета.ру. Күні кеше Акша ауылында 68 жастағы оқ тиіп, көз жұмған ер адамның денесі табылды. Оқиға орнына тексеру жүргізген құқық қорғау органдарының қызметкерлері 68 жастағы ер адамның оқ тиіп, қаза тапқанын анықтады. Күдікті ретінде кәмелет жасына толмаған туған немересін ұстады. Тергеу кезінде жасөспірім өз кінәсін мойындаған. Оны екі тәулікке қамауға алды. Заң бойынша жауапқа тартады. Полицейлер оқ атуға не түркі болғанын анықтап жатыр.