Атқарушы хатшы ТүркПА делегациясымен кездесті
Атқарушы хатшы ТүркПА делегациясымен кездесті
424
оқылды
AMANAT партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Түркітілдес мемлекеттер парламенттік ассамблеясының (ТүркПА) жас парламентшілер тобының мүшелерімен кездесті. Іс-шараға топ жетекшісі, AMANAT партиясының атынан сайланған Мәжіліс депутаты Елдос Абақанов, Әзербайжан заң шығару органдарының депутаттары Анар Мамедов пен Алиаббас Салахзаде, Қырғыз РеспубликасынанҰлан Бақасов, Түркиядан Зейнеп Йылдыз және Волкан Дурмаз, Өзбекстан депутаттары Шерзод Рахмонов пен Азамжон Тулаев, сондай-ақ Ассамблея бас хатшысының орынбасары Талғат Адуов және топ хатшысы Элай Панахли қатысты. ТүркіПА Асхат Ораловтың айтуынша, жас парламентшілер арасындағы өзара іс-қимыл жастар саясатын дамытуға ғана емес, жалпы партияаралық ынтымақтастықты нығайтуға да ықпал етеді. Сонымен қатар партияның Атқарушы хатшысы депутаттарға елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар мен 5 маусымда өткен референдумның маңызы туралы айтты.
«Конституцияға түзетулер енгізу бойынша бүкілхалықтық дауыс беру қорытындысы Қазақстан халқы Мемлекет басшысының реформаларын қолдайтынын көрсетті. Сонымен бірге  бұл –  елімізде демократия институты нығайып келе жатқанының көрінісі. Енді біздің алдымызда Жаңа Қазақстанды құру міндеті тұр және AMANAT партиясы бұл үдерісте ерекше рөл атқарады», – деді Атқарушы хатшы.
Айта кетейік, ТүркПА бақылаушылары мониторинг тобының пікірінше, референдум әділ және ашық өтіп, ал барлық сайлау учаскелеріндегі жұмыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Әңгіме барысында тараптар экономика, туризм, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін де талқылады. ТүркіПА Келесі аптада, 23-24 маусым аралығында Қырғыз Республикасында Түркітілдес елдер парламенттік ассамблеясының XI пленарлық отырысы өтеді.