Еуропалық Одақ Украинаға кандидат мәртебесін бермек
Еуропалық Одақ Украинаға кандидат мәртебесін бермек
469
оқылды
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Еуропалық Одақ елдері Украинаға одаққа кіруге үміткер мәртебесін ресми беруге дайын. Ақпаратқа сәйкес бұл қадам осы аптада, 23-24 маусымда ЕО елдері көшбасшыларының саммитінде қабылданған. Сонымен қатар Молдова мен Грузияға да қосымша шарттарды орындаған жағдайда кандидат мәртебесін беруге дайын екендіктерін айтты. Егер Киевтің ЕО-ға кіруге кандидат мәртебесі мақұлданса, Украина билігі одаққа кіру үшін бірқатар шарттарды орындауы тиіс: Жоғарғы Сотқа судьяларды тағайындау рәсімін заң жүзінде бекіту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, ақшаны заңсыз шетелге шығару және олигархияға қарсы күрес жөнінде заңдар қабылдау. Сонымен қатар осы саладағы өз заңнамасын еуропалық нормаларға сәйкестендіріп, БАҚ-тың тұрақсыздығын болдырмау, сондай-ақ ұлттық азшылықтардың құқықтары жөніндегі құқықтық реформаларды аяқтау шараларын қолға алуы тиіс. Еурокомиссия барлық тармақтар бойынша прогрессті мұқият қарап, келесі жылы қорытынды баяндама ұсынатынын мәлімдеді.