Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшылығы 17 млн теңгені жымқырған
Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшылығы 17 млн теңгені жымқырған
2,041
оқылды
Ақмола облысында «Шапағат» арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры бірнеше тұлғамен бірігіп ақшалай қаражат жымқырғаны белгілі болды.
«Тергеу барысында анықталғандай, Целиноград ауданындағы «Шапағат» арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры мен басқа да тұлғалары өз қалауы бойынша, сондай-ақ орталықтың қызмет алушыларын хабардар етпей және келісімінсіз нотариалдық сенімхаттарды пайдалана отырып, олардың ақшалай қаражатына билік еткен. Сонымен қатар, тергеу бұл мекемеге 2019-2021 жылдар аралығында жалақы және басқа төлемдер түрінде ақша берілген және аударылған іс жүзінде жұмыс істемеген тұлғалар ресми түрде жұмысқа орналасқандығын анықтады. Бюджет қаражатын ұрлаудан келтірілген залал көлемі 17 миллион теңгеден асты. Қылмыстық іс сотта қаралуда», – деді Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Ақпаратқа сәйкес қылмыстың қайталануына жол бермеу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қылмыстық іс шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізді. Мониторинг нәтижесі бойынша әзірленген  ұсыныста басшылардың өз қарамағындағы қызметкерлері қызметіне тиісті бақылауды, әлеуметтік сала қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы мүлтіксіз сақтауын, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсетудің және мекемелердің қаржы-шаруашылық қызметінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету қажеттілігі көрсетілген.