Финалға бір қадам
Финалға бір қадам
351
оқылды
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Истборн (Ұлыбритания) WTA 500 турнирінің үшінші айналымына шықты. Жарысты екінші айналымнан бастаған Путинцева әлемнің 40-ра­кеткасы испаниялық Сара Соррибес-Тормомен күш сы­нас­ты. Тартысты өткен бірінші пар­тияда Юлия таразы басын өзіне аудара білді – 7:5. Екінші сетте Юлия 4:0 есебімен алға кетіп, матчты жеңіспен түйіндеді – 6:1. Бәсеке барысында қазақ­стандық спортшы 1 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың алтауын пайда­лана білді. Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 5-ра­кеткасы грекия­лық Мария Саккари не­ме­се дүние­жүзілік рейтингте 36-орын­да тұрған украиналық Ангелина Ка­ли­нина­ның бірімен таласқа түседі. Қазақ­станның бірінші ракеткасы Еле­на Ры­бакина екінші ай­на­лым­да рей­тингте 114-сатыдағы тағы бір украи­на­лық Леся Цуренкомен кез­деседі. Ерлер арасында Ист­борн ATP 250 турнирінде Алек­сандр Не­довесов пәкістандық Айсам Куре­шимен бірге бастапқы кездесуін сәтті өткізді. Олар ұлыб­ри­тания­лық­тар Джулиан Кэш – Генри Пат­тенді 6:4, 7:6 (7:4) есе­бі­мен ұтып, ширек фи­нал­ға шықты. А. Не­довесов пен А.Курешидің ши­рек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Кербез ЕСІМХАН