Семинар барысында Аршалы ауданы Анар ауылдық округінің әкімі Сәкен Асилов кооператив құрып, сүт фермасын іске қосу бойынша бизнес жоспарын сәтті қорғап шықты.
– Өзіміздің кооперативтің тұрақты 500-дей малы бар деп алайық. Маусымдық пайда көреміз деген ойымыз бар. Үлкен көлем арқылы жетістікке жетуге болады. Тұрақты жұмыспен шамамен 15-тен 50-ге дейін адамды қамтимыз деп шамалап отырмын, – деді ол.Қорғалжын ауылының әкімі Бауыржан Байқадамов семинарда ауылды скринингтен өткізіп, маркетингтік талдау жүргізуді үйреніп жатқанын жеткізді.
– Ауыл экономикасын дамытудың перспективалық бағыттарын айқындаймыз. Әр үйде болып, олармен сөйлесіп, бейімділігіне қарай бір салаға мамандауымыз қажет болады. Ол үшін қазір біз табысы бар деген бизнес жобаларды іске асырудың практикалық дағдыларын игеру үстіндеміз, – дейді Бауыржан
Азат ҚАЗАҚ