81 адам суға кеткен
81 адам суға кеткен
482
оқылды
Төтенше жағдай министрлігі жаз ортасына жетпей жатып суға кеткендердің саны көбейгенін мәлімдеп, дабыл қақты. Осыған дейін судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамаған 81 адам қаза болған. Тілсіз жауға құрбан болған­дардың 40 пайызы – балалар. Атап айтқанда, 32-сі кәмелет жасқа толмағандар екен. Тіпті, шомылу маусымы басталғалы бері елде 36 адам көз жұмған. Қазір қайғылы жағ­дайдың алдын алу үшін тәулік бойы 500-ге жуық құтқарушы 125 учаскені бақылап жүр. Ал ел аумағында шомылуға рұқсат етілген 497 ғана белгіленген орын бар.

 М.ХАҚНАЗАР