Коронавирусқа шалдыққандар саны күрт көбейді
Коронавирусқа шалдыққандар саны күрт көбейді
Фото: life.ru
604
оқылды
Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны артып, бір тәулікте 32 науқас анықталды. Бұл туралы COVID-19 таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтанда – 7, Алматыда – 18, Шымкентте – 1, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда облыстарында бір-бір адамнан анықталды. Кеше коронавирус 20 адамнан анықталған болатын.