Шығысқазақстандық екі жыл бойы жұртты қорқытып, 50 миллион теңге бопсалаған
Шығысқазақстандық екі жыл бойы жұртты қорқытып, 50 миллион теңге бопсалаған
Фото: exclusive.kz
491
оқылды
Бұл жайында ШҚО Криминалдық полиция басқармасы хабарлады. Олардың айтуынша,  2020 жылдың мамыр айынан бүгінге дейін  облыс орталығының тұрғыны біраз азаматты бопсалап, ақша өндіріген. 49 жастағы тұрғын зәбірленушілеріне күш көрсеткен. Алғашында ол 150 мың теңге алған. Артынан күдікті соманы көбейте бастаған. Ал төлеуден бас тартқандарды ұрып-соққан, қинаған. Содан 54 жастағы жергілікті тұрғын қорыққанынан несие алып, анасының пәтерін сатып, белгілеген соманы табуға тырысқан. Алайда бопсалаушы мұнымен тоқтамаған, әр жолы соманы көбейте берген. Сөйтіп, жәбірленушіні өзен жағасына апарып, күш көрсетіп жатқанда күдікті ұсталған. "Күдікті қамауға алынып, оған қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық кодекстің 194-бабы 4-бөлігі "Аса ірі мөлшерде жасалған бопсалау" фактісі бойынша іс қозғалды. Бұл баптың санкциясы 7 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады", – дейді Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов. Оның сөзінше, екі жыл ішінде күдікті қылмыстық әрекетінен 50 миллион теңге пайда көрген.