UFC-дегі Рахмонов пен Морозовтың жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

UFC-дегі Рахмонов пен Морозовтың жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды 1

26 маусым күні таңертең, қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (15-0) UFC-дегі төртінші жекпе-жегін өткізеді.

Ол Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC on ESPN 38 турнирінде өнер көрсетеді. Бұл жолғы қарсыласы америкалық жекпе-жек шебері Нил Мэгни (26-8). Бұл кездесуді UFC-дің ресми сайтынан көруге болады.

UFC Apex аренасында өтетін шара астана уақыты бойынша 05:00-де басталады. Қазіргі уақытта 12 жекпе-жек жоспарланған.

Сергей Морозов төртінші болып бразилиялық Раулиан Пайвамен (21-4) жұдырықтасады. Олардың жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен 6:30-да басталады.

Шавкат Рахмонов америкалық Нил Мэгнимен (26-8) кездеседі. Олардың жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10:00-де басталады.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.