Шалқар көлінде жоғалып кеткен баланы тікұшақпен іздестіріп жатыр
Шалқар көлінде жоғалып кеткен баланы тікұшақпен іздестіріп жатыр
Фото: nur.kz
510
оқылды
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Шалқар көлінде жоғалып кеткен 8 жастағы баланы тікұшақпен іздеп жатыр. Оқиға 22 маусым күні сағат 16.45-те Теректі ауданы Сарыөмір ауылындағы Шалқар көлінде болды. Үрлемелі матраста ата-анасының қарауынсыз қалған 8 жастағы ұл баланы желдің әсерінен толқын көлдің ортасына қарай алып кеткен. Оны құтқарамын деп 1957 жылғы атасы тұра ұмтылған. Атасы мен немересін іздеуге Шалқар көліндегі құтқару бекетінен 5 адам бір қайықпен шыққанымен, нәтиже болмады. Кейіннен іздеуге «ҚазАвиаҚұтқару» АҚ ұшағы қосылды. Сағат 23.00-де ер адамды құтқарушылар мен туыстары тапты. Жағдайы қанағаттанарлық. Баланы іздеу жалғасып жатыр. Бұған дейін балық аулап отырған 80 жастағы әйелдің Сырдарияға құлап кеткені туралы жазған болатынбыз.