Шымкентте 1 миллиард теңгеге жалған шот-фактура толтырған ер адам ұсталды
Шымкентте 1 миллиард теңгеге жалған шот-фактура толтырған ер адам ұсталды
Фото: paryz.kz
959
оқылды
ҚМА Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысқан азаматтың қызметін әшкереледі. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады. «Қылмысты іске асыру үшін 6 компания құрған. Олардың жалпы қаржы айналымы 2019-2021 жылдар аралығында 3 миллиард теңгеден асқан. Соны салдарынан мемлекеттік бюджетке салық түрінде 1 миллиард теңгеден астам түспеген» делінген ресми хабарламада. Қылмыстық істі тергеу аяқталып, сотқа жіберілді.