Ресей СІМ ресми өкілі Қазақстанның Украинадағы қақтығысқа қатысты ұстанымына пікір білдірді
Ресей СІМ ресми өкілі Қазақстанның Украинадағы қақтығысқа қатысты ұстанымына пікір білдірді
© oqu.news
1,634
оқылды
Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова Ресей Қазақстанның халықаралық мәселелер бойынша ұстанымын құрметтейтінін мәлімдеді.  Мария Захарованың айтуынша, РФ өз серіктестерін құрметтейді.
"Ресей Қазақстанға оның Украинадағы қақтығысқа қатысты ұстанымына байланысты қысым көрсетпейді. Мәскеу мен Нұр-Сұлтанның тығыз одақтастық қарым-қатынас пен өзара тиімді интеграциялық байланыс орнату бағыты өзгерген жоқ. Санкт-Петербургтегі президенттердің кездесуі бұны растады", – деді Мария Захарова брифингте.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Петербургте өткен Халықаралық экономикалық форум барысында Украинадан Ресейдің ықпалымен бөлінген, мойындалмаған "Донецк Халық республикасы" мен "Луганск Халық республикасын" Қазақстан мойындамайтынын ашық айтты. Сонымен қатар Мемлекет басшысы бірқатар ресейлік депутат, журналист пен мәдениет қайраткерлерінің Қазақстанға қатысты орынсыз пікірлерін сынады.