Тоқаев Қазақстанға қисынсыз пікір білдіретін РФ депутаттарына өз наразылығын білдірді
Тоқаев Қазақстанға қисынсыз пікір білдіретін РФ депутаттарына өз наразылығын білдірді
1,326
оқылды
Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумында Қазақстанға қатысты қисынсыз пікір білдіретін ресейлік тұлғаларға наразылық білдірді, – деп жазады Inform.kz.
«Мүмкін бұл қисынсыздау да болар, дегенмен, осы мінберді пайдаланып, бірқатар ресейлік депутаттың Қазақстанға қатысты мүлдем қисынсыз айтқан, нақты емес пікірлеріне наразылығымды білдіргім келеді. Журналистер, тіпті мәдениет қайраткерлері бар. Бүгін Кремльдің жоғарғы басшылығының түптеп келгенде өзге мемлекеттерге, әсіресе менің елім Қазақстанға қатысты ұстанымын жеткілікті түрде білдірген Владимир Путинге ризашылығымды білдіремін. Шындығында, бізде түрлі әдіс-тәсілдермен көпіртіп айтуға болатындай ешқандай мәселе жоқ», – деп атап өтті Қазақстан Президенті Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумында.
Мемлекет басшысының пайымынша, барлық алауыздық екі елдің халықтары арасына және Ресей Федерациясының өзіне зиянын тигізеді. https://www.youtube.com/watch?v=z95vT0E2uQQ