Допингпен ұсталған Айбол Әбікен үш жылға футболдан шеттетілді
Допингпен ұсталған Айбол Әбікен үш жылға футболдан шеттетілді
Допингпен ұсталған Айбол Әбікеннің қанша уақытқа футболдан шеттетілгені белгілі болды. Бұл  туралы "СпортРадар.kz" телеграм арнасы хабарлады.  Айбол Әбікеннің Ұлттар лигасының ойыны аясындағы Молдовамен кездесуге дейін алынған сынама оң болып шықты. Ол арада біраз уақыт өткеннен кейін тапсырған В сынамасы да дәл сондай нәтижені қайталады. Салдарынан ол алдағы үш жыл бойы ресми ойындарда алаңға шығу құқығынан айрылды. Айта кетейік, бұған дейін «Әл-Айнда» өнер көрсеткен Бауыржан Исламхан мен «Тобыл» қорғаушысы Руслан Валиуллин допинг дауына байланысты футболдан шеттетілген болатын.