ERG құрамындағы «Шұбаркөл көмір» АҚ коксхимиялық цехының базасында белсендірілген көмір өндіретін зауыт іске қосылды. Өндірістік кешен жылына 1 000 тоннаға дейін өнім шығару қабілетіне ие. Бұл зауыттың ТМД аумағында баламасы жоқ.
– «Шұбаркөл көмір» АҚ-да өндірісті әртараптандырудың бірінші кезеңі 2006 жылы спецкокс өндіретін зауытты іске қосудан басталды. Арнайы кокстың ұсақтарынан белсендірілген көмір алу – әртараптандырудың екінші кезеңі. Біз қосымша құны көмір құнынан екі есе жоғары өнім шығаратын боламыз. Мұндай жоғары технологиялық өндірісті іске қосу бүгінде өзекті болып тұр, – дейді «Шұбаркөл көмір» АҚ президенті Рустам Ибрагимов.«Шұбаркөл көмір» АҚ коксохимиялық цехының базасында спецкокстың ұсақтарынан белсендірілген көмірдің тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісін құру идеясын Шұбаркөл мамандары ойлап тапқан. Олар бұл жобаны ERG инноваторларының I форумында қорғап, жеңімпаз атанған болатын.
– Әрі қарай идея ERG-дің ғылыми-зерттеу инжиниринг орталығының (ҒЗИО), Шұбаркөл көмір мамандарымен және бірнеше елдің ғалымдарымен бірлесе пысықталды. Осылайша, Шұбаркөл көміріне арналған жоғары технологиялық және сұранысқа ие өнім шығаруға мүмкіндік беретін бірегей технологияны әзірлеп, енгіздік, – дейді ERG-дің ҒЗИО басқарма төрағасы Сергей Опанасенко.Өндірісте белсендірілген көмір жиі қолданылады. Ал бізде жылына 7 мың тоннадан астам белсендірілген көмір Қазақстанға шетелден жеткізіледі.
– Шұбаркөл белсендірілген көмірінің негізгі артықшылығы – шикізат ретінде арзан кокс ұсақтарын және қазір жағылып жатқан энергия тасымалдаушы ретінде кокс газын пайдалануға байланысты оның өзіндік құны төмен. Бұл өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратудың өте маңызды проблемасын шешуге сеп, – дейді коксохимиялық өндірісінің басшысы Сабыржан Иманбаев.Сонымен қатар осы технология бойынша алынған белсендірілген көмірдің құны негізгі бәсекелестерге қарағанда 1,5-3 есе төмен болады. Белсендірілген көмірдің үлгілері барлық қажетті зертханалық сынақтан өтті. Жобаны сәтті енгізу кәсіпорында жаңа жұмыс орындарын құруға және Қазақстанда отандық өндірушілер шығаратын өнім үлесін арттыруға мүмкіндік берді.
Қарағанды облысы