Атырауда жұмыстан заңсыз шығарылған әйел басшысынан 1,3 миллион теңге өндіріп алды
Атырауда жұмыстан заңсыз шығарылған әйел басшысынан 1,3 миллион  теңге өндіріп алды
5,775
оқылды
Атырауда жұмысынан заңсыз шығарылған әйел жұмыс берушіден сот арқылы 1,3 миллион теңге өндіріп алды. Сонымен қатар ол қызметіне қайта оралатын болды. "Мой город" порталының мәліметінше, Нұргүл Жанбөлсінованы жұмыстан өткен жылдың 18 маусымында шығарған. Ол "Атамекен басқарушы компаниясы" ЖШС-да вахтер болып жұмыс істейді. Басшылықпен келіспеген әйел шешімді жоққа шығарып, жұмысына қайта оралу үшін сотқа жүгінді. Сондай-ақ ол жұмыс берушіден мәжбүрлі түрде жұмыссыз жүрген уақыты үшін жалақы және моральдық өтемақы төлеуді талап етті.
«Судья Жасур Момынжанов істі вахтердің пайдасына шешті. Вахтерді жұмыстан шығару туралы бұйрықтың күші жойылды. Әйел қызметіне қайта орала алады. Ал жұмыс беруші оның жұмыссыз жүрген уақыты үшін 1,3 миллион теңге және моральдық өтемақы ретінде 50 мың теңге төлеуге міндеттелді. Арыз беруші өтемақы ретінде 450 мың теңге сұраған еді», деп жазды ақпарат көзі.